Футбол ойынынан жарыс
Дата: 2021-11-10 18:57:53
2021 жылдың қараша айының 05 жұлдызында мектеп оқушыларының арасында футбол ойынынан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту, оқушылардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту. Жарысқа қатысушыларды мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері сапқа тұрғызып, жарыстың тәртібі мен ойын ережелерін түсіндірді. Жарыс әрі қызық, өте тартымды өтті. Жарысқа қатысушылар жоғары дайындықпен, белсенділікпен қатысты.