«Ертегілер еліне»

Дата: 2021-11-10 18:52:15

Күзгі каникул кезіндегі шараларды өткізу барысында Ж. Мусатаева 2 «В» сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне» атты ертегілер бойынша викториналық сұрақтар қою арқылы ойын өткізді. Мақсаты: ертегі туралы білімдерін бекіту және кеңейту және жеке әдеби бейімділігін дамыту, өзара көмек, жолдастық, достық сияқты қасиеттерді тәрбиелеу. Халық ертегілерінің қаһармандары, оқырманның сүйіп оқитын қиял ғажайып ертегілер және де орыс ертегілер желісі бойынша топтастырылып жасалған. Баланың қиялына қанат бітіретін ертегінің кез-келген кейіпкері, батырлары ерлікке, қиял-ғажайып ертегі кейіпкерлері қиялын дамытып қана қоймай, оларды мейірімділікке, ізгілікке баулиды. Викториналық сұрақтары оқушылардың ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, көркем сөйлеуге үйрету, өз ойын толық жеткізе білуге,оқылған ертегіні есте сақтауға септігін тигізеді. Сонымен қатар жағымды эмоционалды реакцияны, тәрбиелік сипаттағы командалық жарыстық ойындарға қатысуға деген ұмтылысты оятты.

https://balkhash.goo.kz/media/img/photohost/618bce763d6bb.jpg