«Тоғызқұмалақ»
Дата: 2021-11-10 18:47:35
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу, олардың ой-санасын шынықтыру, жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту құралдарының қатарына жататын, терең ойды талап ететін «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны. Тоғызқұмалақ ойынын оқушыларға үйрету арқылы оқушылардың логикалық ұғымдарын кеңейтіп, есептеу дағдыларын шыңдай түсуге болады. Отаулардағы құмалақтарды санау арқылы оқушылар есептеуге, логикалық ойлауға жүрік болады. Тоғызқұмалақты үйренген балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Тез әрі нақты шешім қабылдауға үйренеді.