"Жұлдызды сәт"

Дата: 2021-11-10 19:42:09
№8 жалпы білім беретін мектебінде күзгі каникул кезінде 5 сыныптар арасында математика пәнінің мұғалімі К.А. Аманжолованың ұйымдастыруымен "Жұлдызды сәт" математикалық сайысы өтті. Мақсаты:
Оқушылардың математика пәні бойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіру, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және өз ойларын жеткізе білу.
Оқушылар алдымен өз топтарын таныстырып, барлық бөлімдегі тапсырмаларды қызығып орындады. Оқушыларға өте ұнады. Логикалық тапсырмаларды топпен жақсы орындап өз білімдерін көрсете білді. Алғыр тобы жоғары ұпай жинап, жеңіске жетті.