11- сынып оқушыларына қолдау көрсетуге арналған психологиялық жаттығуының ақпары
Балқаш қаласы білім бөлімі «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде 11-қазан күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 11-сынып оқушыларымен тренинг жаттығуын жүргізді. Осындай психологиялық білім өте пайдалы. Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі. Оқушылардың алаңдаушылық күйінің алдын алу, стреске қарсы тұру мүмкіндігін жоғарылату, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды дамыту, өзара жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында 11 сынып оқушыларымен «Емтиханға қалай дайындалу керек?», «Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері» жаттығулар жүргізілді. Оқушылармен жүргізілген тренинг жаттығуы өте қызықты өтті. Олар қойылған сұрақтарға өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білді.