Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг жаттығуының ақпары
Балқаш қаласы білім бөлімі «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде қазан айының 8-і күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. жас мамандармен тренинг жаттығуын өткізді. Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынасының белсенді стилін дамыту. Алдымен жас мамандармен сұрақ-жауап жүргізіліп, ойлармен бөлісті. Жағдаяттан шығу жолдары талқыланды. Одан кейін «Мұғалім болу ...», «Сағат тілі», «Шеңбер», «Өзіңді білгің келсе...», «Жүректен жүрекке» жаттығулары жүргізілді. Соңында еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарына бірге жететіндерін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.