«Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал» тренинг жаттығуы
Балқаш қаласы білім бөлімі «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде қазан айының 15-і күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. 9-сынып оқушыларымен трениинг жаттығуын жүргізді. Мақсаты: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, болашағына мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сол себепті, оқушылардың кәсіби бейімділігі «Дифференциалды-диагностикалық сауалнама» әдістемесі арқылы анықталып, кеңестер берілді. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.