«Адам өзіне қалай сенімді бола алады?
Дата: 2021-11-02 18:58:32
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінің «Адам өзіне қалай сенімді бола алады? » атты психологиялық кеңестің өткендігі туралы шара ақпары
2021 жылдың қазан айының 8-і күні мектеп психологы Бейсова. А оқушылармен «Адам өзіне қалай сенімді бола алады? » атты тақырыпта психолгиялық кеңес берді. Мақсаты: өзіне деген сенімділіктерін арттырып, жігерлі болуға үйрету. Психологияда сенім тұжырымдамасы жеке сапа тұрғысынан қаралады және өз дағдылары мен қабілеттеріне оң баға береді. Өздерінің кішкентай жетістіктерін және алған моральдық қанағаттануын салыстыруға тырысқан кезде, сенім қалыптасатыны туралы айтылды. Қалай өзіне сенімді бола алады өзіне және өз өміріне сенімді адам, өзінің жеке құндылықтары мен мінез ерекшеліктеріне еркін басшылық етуі жайлы сөз қозғалды. Соңынан сұрақтар қойылып, оқушылар өзі туралы жақсы қасиеттерді естігенде қандай күйде болғандығы жөнінде өз ойларын ортаға салды.