«Мектепішілік ұланбасы сайлауы»

Дата: 2021-10-28 12:46:55
Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№8 Жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 15 қазанында «Мектепішілік ұланбасы сайлауы» болды. Сайлаудың комиссия мүшелері болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Алпысбаева, әлеуметтік үстаз А.Толеу және мектеп психологы А.Беисова тағайындалды.  Кандидаттар И.Мүкәрам , Б.Муханова, Ш.Орынтай, Н.Балтажан, А.Тлеуберлина,  А.Кусылбекова  сайлауға түсті. 9-11 сынып оқушылары өз таңдауларын жасап, сайлау жәшігіне салды. 
Мектепішілік сайлау комиссиясының мүшелері сайлау жәшігін ашып,  тізім бойынша дауыс санын  санап, жеңімпаз кандидатты анықтады. Мектепішілік ұланбасы сайлауында дауыс санын көбірек жинаған Н.Балтажан  жеңіске жетті.