«Бірлігі жарасқан ел»
Дата: 2021-10-15 09:05:34
Рухани келісім күні елімізде 1992 жылғы 18 қазаннан бері жыл сайын атап өтіліп келеді және Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі болып есептеледі. Соған орай мектебімізде қазанның 11-і күні кітапханашы Тоқтамыс Гүлзат Серікболқызы 7 сынып оқушыларымен «Бірлігі жарасқан ел» атты танымдық сағат өткізді.
Танымдық сағат барысында тәуелсіз еліміздегі 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрып жатқандығы туралы және олардың салты мен дәстүрлерін құрметтеу жайлы сөз қозғалды. Оқушылар өз ойларын ортаға салды.