«Жыр алыбы-Жамбыл»

Дата: 2021-10-06 16:07:57

30.09.2021 жылы мектеп кітапханашылары жүз жасаған жыр алыбы  Ж.Жабаевтың 175 жасқа толуына байланысты  оқушыларды көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру, Жамбыл Жабаев шығармаларының қазақ әдебиетіндегі алатын орны,  өлеңдерінің мазмұнын, олардың бойына  халқына,  тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру,  патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жыр алыбы-Жамбыл »атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Кітапханашы З.Шайбекова ақынның өмір жолдарын үлгі ете отырып,кітап көрмесіндегі  кітаптарымен таныстырып өтті.Жыр дүлділі Жамбыл атамыздың  ұлы мұраларынан қысқаша мағұлмат беріп, ақынның «Шәкірт балаларға» өлеңінен үзінді оқыды.Оқушылар ақынның өмір жолдары мен шығармалары жинақталған  кітап көрмесіне қызығушылықтарын танытып,өз ойларымен бөлісті.