« Жолда абай бол!

Дата: 2021-09-15 01:37:27
« Жолда абай бол!

 

14.09.2021 жылы мектеп кітапханасында  бастауыш   сыныбымен        « Жолда абай бол! » атты іс-шара өтті.

        Мақсаты: Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгіліерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға білімдерін толықтыру, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

       Кітапханашы Г.С.Тоқтамыс  оқушыларға бағдаршамның атқаратын қызметі жайлы және жол ережелері туралы қысқаша мәліметтер айтып, жол белгілерімен таныстырды. Сонымен қатар оқушылар  «Дұрыс және бұрыс» атты тапсырманы орындап, өз ойларын ортаға салды.     

Шара соңында оқушыларға әрқашанда жолда жүру ережелерін есте ұстап, қатаң сақтау керек екендігі жайлы айтылды.