«Тіл-рухани қазына »

Дата: 2021-09-13 17:02:48
«Тіл-рухани қазына »

03.09.2021 жылы мектеп кітапханашылары 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай оқушылар бойына мемлекеттік тілімізді сүюге,әрқашанда мәртебесін биік ұстап мақтан тұта білу және мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына өз үлестерін қоса білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Тіл-рухани қазына » атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітапханашы З.Шайбекова 5-сынып оқушыларына кітап көрмесіндегі танымдық ақпарттарға шолу жасап, тіл мерекесі туралы мәліметтермен таныстырып өтті. Сонымен қатар Тіл мерекесі «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай яғни, 5-қыркүйекке бекітілгені жөнінде ақпарат беріп өтті.