"Мектепке жол" акциясы

Дата: 2014-08-21 05:56:42

   Қалалық білім беру бөлімінен жалпы білім беретін №8 орта мектебінің 15 оқушысының ата-анасынан қажетті көмек көрсету туралы  өтініштер түсті.
2б сыныбының оқушысы Кағазбай Мирас демеуші есебінен мектепке толық   қамтылды. 6А сынып оқушысы Инкарбек Нариманға демушіден 5000 тг берілді. Султанбекова Айгерімге және Султанбекова Айданаға мұғалімдер тарапынан жиналған қаражат есебінен керекті оқу-құралдыры сатып алынады. Қыркүйек айының 20-на дейін тағы 5 оқушы қамтылатын болады. Мектеп әкімшілігімен демеушілерді іздестіру жұмыстары ұйымдастырылуда.