«Әкеммен бірге фотосуреттер» көрмесі өтті.
Дата: 2021-06-19 11:02:33
Мақсаты: ата - ананың мектеппен байланысын дамыту, жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту.Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында», «Әкең жіберсе, бара ғой» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Осы мақсатта көрме ұйымдастыру үшін оқушылар өз ойларын айтып альбомда немесе фотоаппарат көмегімен түсірілген фотоларды жинап, бір-бірінің суреттерін талқылап, өз әсерлерімен бөлісті .