Абайлаңыз балалар!

Дата: 2021-05-17 15:28:55

2021 жылдың 12-14 мамыр аралығында жазғы демалыс қарсаңында балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту үшін жергілікті патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе «Абайлаңыз балалар!» атты кең ауқымды акциясы өтті. Мектебіміздің Жас жол инспекторлары Балқаш қаласының ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны А.Е Акашевтың ұйымдастыруымен өткен акцияға белсене қатысты. Бұл шараның басты мақсаты балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.Парадтық форма киген балалар жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз қатаң сақтау жөнінде жүргізушілермен профилактикалық әңгіме өткізді. Сондай-ақ, жол қозғалысының жас инспекторлары автомобиль иелеріне балаларды машина салонында алып жүретін арнайы қондырғылар орнату туралы ескертіп, жаяуларға жолдан өтуге көмектесті. Барлық жол қозғалысына қатысушыларға жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.

Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и на открытом воздухе)