«Батырлыққа тағзым»

Дата: 2021-05-12 15:18:06

Мектеп музейінде «Батырлыққа тағзым» атты алмас қылыштай өткір де, қайсар , дана да дара тұлға –Бауыржан Момышұлына арналған бұрыш ашылды. Батыр бабамыз туралы жинақталған ақпараттар дискілерге жинақталып, Тараз қаласындағы батырға арналған музейі туралы деректі фильм, «Көңіл толқыны» тақырыбымен батыр ағамыздың келіні Зейнеп Ахметованың берген сұқбаты, Бауыржан Момышұлы туралы көркем фильм және Бауыржан атамыздың таңдамалы жырларын оқушыларымыздың мәнерлеп оқыған өлеңдер жинағы, сонымен қатар бабамыздың сирек сұхбат жазбалары жинақталып қойылды. Сонымен қоса. Александр Бектің Бауыржан Момышұлының көзсіз ерліктері мен ішкі жан тебіреністері, терең ойлары суреттелген «Арпалыс» атты кітаптары қойылды және тілге жүйрік, сөзге шешен батырдың қанатты сөздерін ұсынамыз және «Батырлардың батырысың бірегей!» тақырыбымен батырлығымен, ерлігімен ел есінде қалған алыптар шоғырының бірі һәм бірегейі - Бауыржан Момышұлына арналған өлеңдер топтамасы әзірленді. Бауыржан Момышұлының өмірбаяны, марапаттары, шығармашылығы,батыр атамызға арнап орнатылған ескерткіштер, атына берілген музей және басылымдардан жиналған ақпараттар дайындалған. Мектебімізде дәстүрлі түрде өткізілетін «100 кітап» жобасы аясында батыр бабамыздың «Ұшқан ұя» кітабы сенбі сайын оқытылып, осы кітап туралы жазған оқушылардың күнделіктері жинақталды. «Ұшқан ұя» шығармасының желісі бойынша бастауыш сынып оқушылары «Шығарма оқыдым, сурет салдым» жобасы бойынша жас суретшілеріміз батыр бабамыздың суреттерін қағаз бетіне түсірді.

Возможно, это изображение (2 человека)

Автор: №8 ОМ