Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру тәртібі туралы ЖАДЫНАМА

Дата: 2014-06-02 10:37:23

Мектеп бітірушіге апелляция үшін жадынама

 

1. Апелляцияға өтініш беру

Тестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтінішті берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін береді және ол өтінішті апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

Апелляцияға өтініш ұлттық біріңғай тестілеу өткізу пунктінде (ҰБТӨП) тестілеу тапсыру орны бойынша беріледі. Өтініш беруге қажетті құжаттар:

жеке басын куәландыратын құжат:

ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) кіруге рұқсаттама:

Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.

 

2. Апелляцияның түрлері:

Апелляция ҰБТ қорытындысы бойынша екі түрлі болуы мүмкін: тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептер бойынша.

Тест тапсырмаларының мазмұны  бойыншаапелляция мынадай жағдайларда  беріледі:

тест тапсырмасы дұрыс  құрылмаған;

дұрыс жауабы жоқ;

бірнеше дұрыс жауабы бар.

Техникалық себептер бойынша апелляциякелесі жағдайларда қарастырылады:

дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

 

3. Апелляцияға өтініш беру үлгісі:

Апелляцияға өтініш арнайы үлгі бойынша беріледі:

1.   тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш;

2.   техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш:

Апелляцияға берілетін өтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде ҰБТӨП-тен алуға болады.