«Мен – елімнің патриотымын»

Дата: 2021-05-11 09:44:21
Мереке қарсаңында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған облыстық, қалалық бірқатар іс-шаралар жоспарланған.Соның бірі ZOOM конференциясы арқылы «Жас Сарбаз» сынып оқушылары арасында І облыстық «Мен – елімнің патриотымын» фестивалі өтіп, №8жалпы білім беретін мектебінің 6Ә сынып оқушысы Нәсіпбай Нұрбек «Жобалық қызмет» бөлімінде «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Ерлік!» тақырыбында ҰОС ардагері Омаров Мұқажан Жөкенұлы туралы зерттеу жұмысын ұсынған болатын. Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс ардагерлерінің батырлығы мен ерліктерін келер ұрпаққа насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.Жоба жұмысында Мұқажан атаның өмірбаяны мен бейбіт өмірдегі күндерін, «Жас Сарбаз» сынып оқушыларының үнемі көзі бар да өз аузынан естіген естеліктер , тәрбиелік дана өсиеттері туралы жазған.Жоба нәтижесі бойынша Нәсіпбай Нұрбек жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Возможно, это изображение (текст)
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят, люди сидят и в помещении)
Автор: №8 ОМ