«Біз табиғаттың досымыз»
Дата: 2021-05-04 13:55:43
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде өткен «Біз табиғаттың досымыз» атты тақырыпта өткен сурет салудың ақпары.
Мектебімізде 7 сыныптар арасында «Біз табиғаттың досымыз» тақырыбы аясында сурет көрмесі өтті. Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғат бізге не береді? Ал біз табиғатқа ше? Табиғатты қалай қорғау керек, қалай қамқор болу керектігі жайлы мағлұмат беріп, оқушымен ой бөлісу мақсатында сурет салу арқылы баланың ойы анықталды. Бала өз ойын, табиғат пен адамның байланысын, табиғат туралы түсінігін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін суретпен көрсетіп бейнелеген.