«Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием!».

Дата: 2021-04-26 14:08:18
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық апталығы аясында А.Абзалбекованың ұйымдастыруымен 23.04 күні 9 в сынып оқушылары арасында «Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием!» тақырыбында апталықтың қорытынды бөлімі өтті.
Мақсаты: Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
«Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием!» атты тақырыпты ортаға салып Қазақстанның көрікті жерлерін талқылап, оқушылардың экологиялық сауаттылықтарын одан әрі дамытуға ықпал етті.
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/968213474003540
Автор: №8 ОМ