" Жер ортақ үйіміз"

Дата: 2021-04-26 14:00:48

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен " Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық апталығы бойынша мектепалды даярлық тобында " Жер ортақ үйіміз" атты тақырыпта шара өтті. Мақсаты: қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғатты қорғауға, жерін сүюге, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу және шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Шара барысында оқушыларымызға табиғат, экология сөздерінің мағынасын ашып түсіндіріп, қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына екені туралы жалпылама толық түсінік берілді.

https://www.facebook.com/100024446897564/videos/967891200702434