«Табиғатты жүрегіңмен түрт».
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Табиғатты жүрегіңмен түрт» экологиялық сауаттылық апталығы аясында Жұмаш М және Үмбет М.С ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында «Табиғат-ол анамыз, табиғатқа-баламыз» тақырыбымен квест ойыны өтті. Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін тексере отырып, түсініктерін кеңейту. Оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерімен, білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Табиғатты қорғауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Ғажайып төрттік» деп аталды. Бұл кезең бойынша ұпай санына сай сұрақтар қойылып,таңдалды. Екінші кезең «жалғасын тап» деп аталды. Оқушыларға мақал-мәтелдер ұсынылып, жалғасын табу тапсырылды. Оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін сынады.