Мамандық таңдау – бұл күрделі әрі ұзақ процесс.
Дата: 2021-04-22 15:30:53
Ол кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жеке тұлғаның белсенділігін арттыруға бағытталған кәсіптік бағдарлау жұмыстарының әсерінен жүзеге асырылады. Кәсіптік бағдар беру: мамандық таңдауға дайындықты қалыптастыру → мамандықты алдын-ала таңдау → кәсіби өзін-өзі анықтау → мамандықты дұрыс таңдауда сенімділікті қалыптастыру → кәсіптік ниет пен жоспарды қалыптастыру → кәсіби және әлеуметтік бейімделу болып табылады.Осыған орай 20.04.21.күні 10-11сынып оқушылары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында онлайн түрінде кездесу өтті.. Кездесуге университетің аға оқытушысы Айжан Мергенбаева оқушыларға оқу орнының барлық қыр-сырларымен және бұл оқу орнының ерекшелігі әскери кафедрасының болуы және мамандықтарға бөлінетін гранттар ,жеңілдіктер туралы таныстырды. .Оқушылар өздеріне керекті мамандықтар туралы жекелей сұрақтар қойып, толық мағұлмат алды.