"Саммари" деген не?

Дата: 2021-04-19 16:09:21
17.04.2021 ж «100 кітап» жобасының жетекшісі Г.С.Айтқұлованың ұйымдастыруымен 10 сынып оқушыларының арасында « Оқимыз, ойлаймыз, жазамыз!» «САММАРИ КІТАП» ЖОБАСЫ өткізілді.
Бұл жоба биылғы жылы «100 кітап» жобасы жоспарына енгізілген жаңа жобаларының бірі болып табылады. Оқушыларымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «100 кітап» жобасы әр жылы жаңа жобалармен толықтырылып келеді.
"Саммари" деген не?
Қазіргі таңда батыс елдерінде "саммари" үлгісі жақсы дамыған. Жалпы "саммари" деген кітаптың қысқаша мазмұнын, былайша айтқанда кітаптың қаймағын сізге іліп беретін видео немесе түсініктеме. Яғни ықшамдалған кітап...
Бұл жобаға оқушыларымыз Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған, айтулы ұлдарының бірі - гвардия полковнигі, жазушы, Совет одағының батыры Б.МОМЫШҰЛЫ шығармаларына арнады.
Жобаға оқушылар барынша үлкен жауапкершілікпен, көп ізденгендері жұмыстарынан байқалады. Өздері таңдаған Б.МОМЫШҰЛЫ кітаптарын толық оқып шығып, сонан соң саммари нұсқасын дайындады.
САММАРИ жобасына оқушыларымыз үлкен қызығушылық танытып, өз жобаларының барынша жоғары бағаланып, тыңдаушылардың оң бағасын алығысы келгендерін жоба соңында әділ-қазылардың ескерту, қолдау, бағалау қорытынды сөздерінде, не айтар екен деп үмітпен ұйып, ескертулерде мақұлдап, тыңдағандарынан байқауға болады.
Саммари жаңа жоба болса да оқушыларымыздың жаңа нәрсені үйренуге құштарлығы, бәрін байқап көргісі келетіндіктері, көбірек білуге ұмтылғандықтары қуантады. Жалпы бұл жоба оқушыларымызға кітап оқуға, жазуға, жаңаша ойлауға машықтандыратын тиімді жоба деп білемін.
Возможно, это изображение (текст)
Возможно, это изображение (текст «100 ΚΙΤΑΠ "саммари" деген не? казргі танда батыс елдернде "саммари yлrici жаксы дамыган. жалпы "саммари" деген ктаптын кыскаша мазмунын, былайша айтканда ктаптын каймарын сзге iлin беретн видео немесе туснктеме. ягни ыкшамдалган кi̇тап.»)
Возможно, это изображение (2 человека и экран)
Возможно, это изображение (1 человек и экран)
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.965273967630824/965273764297511