"Зейін" жобасы

Дата: 2021-04-19 13:58:08
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және үш тілді білім берудің кіріктірілгена апталығы" барысында 16.04 күні ««The Greenhouse Effect and Global Warming»
(Парниктік эффект және ғаламдық жылыну)» тақырыбында 11 А,Ә сынып оқушыларымен дөңгелек стол өтті.
Мақсаты: қайшылықтарды анықтау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру және барлық қатысушылар үшін қолайлы позициялар мен шешімдерді таңдау
Пікірлесу алаңында оқушылар ғаламшарымыздың бүгінгі ахуалын қызу талқылады. Ғаламдық экологиялық проблемалар климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы сияқты ғалам апаттарына тоқталды. Сонымен қатар соңғы уақытта адам баласының әрекетінен Жер бетіндегі температура артып, полюстегі мұздықтардың еру қауіпі төңірегінде де сөз қозғады. Оқушылар жоғарыда сөз болған проблемаларды болдырмау үшін қандай игі істер жасау керектігін және туған жерінің экологиясын сақтау үшін қандай әрекеттер жасауға болатындығы жайлы қызу пікір таластырды. Бүгінде туындап жатқан экологиялық проблемаларды ертеңге қалдырмай, негізгі проблемалардың шешімін табу ,ол үшін қандай іс-шараларды іске асыру керектігі туралы да ойларымен бөлісті.
Ұйымдастырлаған пікір талас алаңы оқушылардың экологиялық сауаттылықтарын одан әрі дамытуға үлес қосты.
Возможно, это изображение (1 человек, стоит, сидит и в помещении)
 
Возможно, это изображение (1 человек, стоит, сидит и в помещении)
Возможно, это изображение (5 человек, люди сидят, люди стоят и в помещении)