«Болашаққа бір минут» атты бейнероликтер сайысы

Дата: 2021-04-16 15:17:51

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және үштілді білім берудің кіріктірілген апталығында 15.04 күні 9-11 сынып оқушыларының арасында командалық «Болашаққа бір минут» атты бейнероликтер сайысы өтті. Мақсаты:Оқушылардың мамандық таңдауда жаратылыстану пәндерінің ерекшеліктерін ашу. Ғылым мен техниканың дамып,әлемнің өзгеруіне ықпал еткен алуан түрлі технологиялар заманында білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндерттердің бірі-еліміздің дамуына өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосатын білімді,меңгерген білімін кез-келген жерде қолдана алатын жастар тәрбиелеу. Оқушылар дайындаған бейне роликтерін қорғап, өз ойларын анық, мазмұнды жеткізе алды.

Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении)

Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)

Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)