«Жануарлар әлемінде» виртуал

Дата: 2021-04-16 15:12:31

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және үш тілді білім берудің кіріктірілген апталығы» барысында 3 сынып оқушылары «Жануарлар әлемінде» виртуалды хайуанаттар бағына саяхат жасады. Онда оқушылар сирек кездесетін жануарларды тамашалап, қызықты мағлұматтар алды. Саяхатта соң оқушылар жануарлардың неліктен сиреп бара жатқандығын талқылап, саяхат барысында өздеріне ұнаған жануарлады салып өз ойларын ортаға салды. Балалар үш топқа бөлінді, «Құстар», «Жануарлар», «Динозаврлар» тобы болып, топпен белсенді,қызыға жұмыс жасады. Оқушылар жануарларға мейірімді, қамқор болу керек туралы өз ойларын зерек жеткізді. Қорыта келе; «Жануарлар әлемінде» тақырыбы бойынша 3-сынып оқушылары жан-жақты толық мағлұмат алды.

Возможно, это изображение (2 человека и люди стоят)

Возможно, это изображение (ребенок, стоит и сидит)

Возможно, это изображение (ребенок, сидит и стоит)

Возможно, это изображение (ребенок)