«Абайла, балақай!»

Дата: 2021-04-12 09:56:35

2021 жылдың 9 сәуір күні жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына «Абайла, балақай!» атты тақырыпта үнпарақтар таратылды. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру. Шара барысында мектебіміздің "Жас сақшылар" тобы жол қауіпсіздігін оқушыларға насихаттап, үнпарақтар таратты. Сонымен қатар мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерін, мектеп алдындағы жаяу жүргіншілер жолымен өту тәртібімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Возможно, это изображение (4 человека, ребенок, люди стоят и на открытом воздухе)

Автор: №8 ОМ