«Бірге күштірек, сәттірек, бақыттырақ»
Дата: 2021-04-09 08:57:10
Мектеп психологы 9- сынып оқушыларымен мамандықтың қыр-сыры жайлы сәуірдің 7-сі күні «Бірге күштірек, сәттірек, бақыттырақ» атты тақырыпта тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты: оқушылардың сенімділігін, мінез – құлық, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.
Адамның өз - өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне - өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат - мүддесіне жетуіне көмектеседі. Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктеріне мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
![Возможно, это изображение (1 человек, стоит и в помещении)](https://scontent.fala5-1.fna.fbcdn.net/v/t1.6435-9/170170915_958818441609710_5204699419022870721_n.jpg?_nc_cat=107&ccb=1-3&_nc_sid=8bfeb9&_nc_ohc=Klyhtibi378AX9bK7Et&_nc_ht=scontent.fala5-1.fna&oh=34d07df8705d9c29e5d4e70b59937123&oe=6095F078)
![Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)](https://scontent.fala5-1.fna.fbcdn.net/v/t1.6435-9/170072020_958818478276373_2136164882850564647_n.jpg?_nc_cat=105&ccb=1-3&_nc_sid=8bfeb9&_nc_ohc=fdtXUjvTPgEAX9zKn5H&_nc_ht=scontent.fala5-1.fna&oh=57c1d23dc3b55111fc4466c293cea9a3&oe=6095E2AA)