«Қызым саған айтам...» атты тақырыпта жыйналыс
Date: 2021-03-19 08:41:46
Мектебімізде «Қызым саған айтам...» атты тақырыпта 9-11 сынып қыздарымен қаламыздағы СПИД орталығының эпидемиолог дәрігер А.Батырбекокова және жанұяны жоспарлау акушері Г.Айдошова мен А.Мукашевалардың қатысуымен кездесу өтті. Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді.
Ең алдымен сөз алған А.Батырбекова қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет ететіндігін және қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз баса айтты. ЖҚТБ ауруы туралы, және осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беріп, ауруға қарсы күрес шараларымен таныстырды. А.Мукашева әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді және біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтайтынын айтты. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? Г.Айдошева медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналатындығы және жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады, бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелетіндігі тоқталды және әңгімеге арқу болу үшін бейнеролик көрсетілді. Мектеп психологы М.Үмбет оқушы қыздармен көңіл-күйге байланысты тренинг өткізді және психологиялық кеңестермен бөлісті.Әңгіме барысында қыздар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты.Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.