«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Дата: 2021-03-16 15:16:50
15.03 2021 жылы № 8 Жалпы білім беретін мектеп кітапханасында оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт – дәстүрлерімен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Наурыз-бірлік, жаңару және достық мерекесі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітапханашы А.Абзалбекова оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің тарихына шолу жасап, кітап көрмесіндегі «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты энциклопедиялармен таныстырып өтті.Сонымен қатар мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тең құқықпен өмір сүріп жатқандығы туралы айтып,оқушыларға үлгі етті.Оқушылар осы іс-шараға қазақ халқының ұлттық ойындарын, тағамдарын, Наурыз бата-тілектері туралы өз ойларын жарыса айтып,қызығушылықпен қатысты.
Возможно, это изображение (ребенок, стоит и в помещении)
Возможно, это изображение (ребенок, стоит и в помещении)
Возможно, это изображение (1 человек и стоит)
Возможно, это изображение (1 человек, ребенок и стоит)
Нет описания фото.