«Өркен» дебат үйірмесі
Дата: 2021-03-16 10:54:19
Тәуелсіздікке – 30 жыл: оқушыларды құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар аясында қазіргі пандемиялық жағдайға қарамастан мектебіміздің «Өркен» дебат үйірмесінің 9 сынып оқушылары арасында мектепшілік сайыс өтті. Сайыс АПФ өтті. Барлығы 9 сыныптар бойынша 5 топ қатысты.
Ойында қарастырылған қаралар:
1. Бп Қазақстан Ресейден тәуелсіз өмір сүре алады деп есептейді .
2. БП қазақстан жастарының сапалы білім алуына жағдай жасалған деп есептейді.
3. БП Қазақстан жастары тәуелсіздікті бағаламай жүр деп есептейді.
4. БП Қазақстанның тәуелсіздік жолдарындағы басты жетістіктерді атайды.
Ойынға бұрын дебат ойынын ойнамаған балалар ойнады. Ойын барысында жас спикерлер: Тәуелсіздіктің қадірін біліп, азаттықты бағалай алу үшін ұлтжанды ұрпақ болуымыз керек, ал бойында отанына, елі мен жеріне деген махаббаты бар адам азаттықтың қадір-қасиетін, қаншалықты қымбат екендігін түсінеді деп ойлаймыз деп, өз сөздерін қорытындылады.