Музей өскелең ұрпақтың отан сүйгіштік сезімі

Дата: 2021-03-10 16:27:59
Мектебіміздің музейі 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.Музей жұмысының бағыттары: мектеп тарихы, мұғалімдер мен түлектер туралы мәліметтер жинағы, өлкетану экспозициялары, фотоальбомдар, мұғалімдер мен оқушылардың педагогикалық еңбектің ардагерлерімен кездесулерін ұйымдастыру мен экскурсиялар өткізу.
Музейдің ашылуына дайындықта материалдардың жүйелілігі мен жинақтары, мектеп жұмыстарының жылдағы жиғандары орналастырылып жүзеге асырылды.Жалпы, музейде қаламыз бен мектебіміздің өткенінен естеліктер жетерлік. Сондай-ақ, білім ордасына еңбегі сіңген тарихи тұлғалар мен ұлағатты ұстаздардың өмірі өрнектелген. Шәкірттерге осындай игі істерді, ұмытылмас естеліктерді, тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, оқиғаларды насихаттап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында тарих пәнінің мұғалімі Г.Бакирова танымдық сабағын өткізді.Музей өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырып, елін сүюге тәрбиелейтін бірден-бір құрал.
Возможно, это изображение (один или несколько человек и люди стоят)
Возможно, это изображение (3 человека, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (один или несколько человек и люди стоят)
Возможно, это изображение (1 человек, стоит и сидит)