«Азаматтық қорғаныс»
Дата: 2021-03-04 10:49:14
2021 жыл наурыздың 02 күні «Азаматтық қорғаныс» айлығы аясында «Балқаш қаласы №8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 9 Ә «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары қаламыздағы №5 Өрт сөндіру бөліміне саяхаттап, өрт сөндіру техникаларымен танысып, өрт сөндірушінің арнайы киім кешектері, құрал-жабдықтарын қолға ұстап, арнайы жұмыс формаларын киіп бір сәт қызметкерлердің өмірімен танысты. Балалар құтқарушы және өрт сөндіруші қызметінің бір күндік жұмысынан жақсы әсер алып қайтты.