«Шығарма оқыдым- сурет салдым»

Дата: 2021-03-03 13:18:44

Мектебімізде «100 кітап» жобасының жетекшісі Г.С. Айтқұлованың ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылына арналған жоспар бойынша 4-сынып оқушыларының арасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасының мазмұны бойынша «Шығарма оқыдым- сурет салдым» жобасы өткізілді. Жобаға ат салысқан оқушылар «Ұшқан ұя» шығармасы мазмұнының желісімен салынған суреттер кітабын қорғады. Суреттер кітабында оқушылар шығарма авторы жайлы, өскен ортасы, отбасы жайлы өздеріне әсер еткен тұстарын қызыға әңгімеледі. Оқушылардың басым бөлігіне Б.Момышұлының әжесі Қызтумас анадан алған тәрбиесі, әженің айтқан ертегілері, ата тәрбиесіне көбірек тоқталды. Оқушыларымыз өз қорғауларын батыр тұлғаның нақыл сөздерімен аяқтап, шығармадан қандай ой түйгендерін айтты. Жобаға тек оқушыларымыз емес ата-ана, оқушы, сынып жетекшісінің ат салысқаны көңілге қуныш ұялатты. Жоба соңында үздік деп танылған оқушыларымыз марапатталды.

https://www.facebook.com/100024446897564/videos/936289263862628