«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап»

Дата: 2021-03-01 13:38:08
25.02.2021 жылы мектеп кітапханашылары оқушыларды көркем әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды таныстыру және рухани мұрамызды сақтап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты кітап онлайн көрмесін ұйымдастырды.Бұл іс-шараға қаламыздағы № 4 Сырлас кітапхана филалының кітапханашысы Мусулманбекова Наргүл Төлеубайқызы мен 7-сынып оқушылары қатысты. Мектеп кітапханашысы З.Шайбекова оқушыларға жыл сайын ұйымдастырылатын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының мақсатымен таныстырып,осы акция аясында өтіп жатқан іс-шаралары туралы мәліметтер беріп өтсе, кітапханашы Мусулманбекова Наргүл Төлеубайқызы Сырлас кітапханасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты кітап көрмесімен таныстырды.Оның ішінде балалар әдебиетіне жеке-жеке тоқталып, кітаптар мазмұнымен қысқаша таныстырып өтті.Шара соңында кітапханашылар оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Возможно, это изображение в мультипликационном стиле (2 человека)
Возможно, это изображение (1 человек и текст)
Возможно, это изображение (4 человека)