"Сау болсаңыз, бәріне жетесіз"
Дата: 2021-02-22 16:01:14
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы Білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Сау болсаңыз, бәріне жетесіз" атты дене шынықтыру апталығының 20.02.2021ж жабылу жиыны болып өтті.Мақсаты: дене шынықтыруға мотивациялық-құндылық қатынасты қалыптастыру, физикалық өзін-өзі жетілдіру және жүйелі жаттығулар мен спортпен айналысу қажеттілігіне өзін-өзі тәрбиелеу.Осы мақсатта апталықта көптеген іс-шаралар сынып сағаттары,ұлттық ойындар,кездесулер,отбасылық сайыстар жоспар бойынша жүргізілді.Оқушылар,ата-аналар және мектеп ұстаздары бір кісідей ат салысты.Апталықты қорытындылай келе апталықтың іс-шараларына белсене ат салысқан сыныптарға,оқушыларға,ата-аналарға алғыс айтылып мақтау қағаздары тапсырылды.
.