«Қалалық көрнекті спортшыларымен кездесу»

Дата: 2021-02-19 10:06:33
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Сау болсаңыз, бәріне жетесіз» атты дене шынықтыру апталығында «Қалалық көрнекті спортшыларымен кездесу» атты іс-шарасы 18.02.2021 жылы 8-11 сыныптар арасында болып өтті.Кездесу сағатының мақсаты: оқушыларға еліміздің намысын қорғап, көптеген халықаралық жарыстарда,қаламыздың көк туын желбіретіп жүрген жерлес спортшыларымызды таныстыру, оларды үлгі тұту, салауатты өмір салтын насихаттап, жас ұрпақтың спортқа жақын өсуіне ықпал ету.Арнайы шақырылған кездесудің құрметті қонақтары:
Ермек Ерасыл Ерденұлы Азия чемпионы, 3 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, ҚР спорт шебері Бурибаева Гульназ Бахтиярқызы 2020-2021жылдың 2 дүркін ҚР Чемпионы,Қарағанды облысынан 4 дүркін жеңімпазы.
Жаттықтырушы: Оспанов Мирас Серғазыұлы, бокстан (СШҮ).Шақырылған спортшылар өздерінің жетістіктері, сол жетістікке жету жолындағы еңбектері туралы айтып өтті.Кездесудің соңында қаламыздың спорт шеберлеріне және жаттықтырушысына алғыс айтылды. Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарын қоя білді. Осы кездесуде оқушыларымыз жеткілікті мағлұмат алды.
Ұйымдастырушылар: Қаппар Б.С, Кошкинбаев А.Д.
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (экран, телевизор и в помещении)
Автор: №8 ОМ