«Бала құқығы –асыл қазына»
Дата: 2021-02-15 21:15:29
12.02.күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылықты дамыту апталығында «Бала құқығы –асыл қазына» тақырыбы аясында әлеуметтік педагог Ж.Т Мустапаева, психолог М.С Үмбет ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Балқаш қаласы полиция бөлімінің ювиналды полиция тобының инспекторы аға лейтенант Нұрбек Аян Алтайұлы қатысып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, ой бөлісті.