Әскери-спорттық сайыс
Дата: 2021-02-15 21:11:27
Бәрімізге белгілі 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО Қарулы Күштері Ауғаныстан аумағына басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғу салдарынан Ауған соғысының оты тұтанған болатын. Нәтижесінде 10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 – ке жетті.Мектебімізде Ауған соғысының аяқталғанына 32 жыл және Ауған соғысының ардагері, "Қара майор" Керимбаев Борис Тукенович атындағы сыйлыққа қала мектептерінің арасында әскери-спорттық сайысы өткізілді. Сайыс осы соғысқа қатысып ерліктің үлгісін көрсеткен, өз өмірін құрбан етіп осы соғыста қаза болған ағаларымызды ұмытпай жадымызда сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Соғыста қаза болған жерлестеріміз Нұрғалиев Самат Мубаракұлы мен Анатолий Антоновты және Керимбаев Борис Тукеновичті еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.
Бүгінгі әскери-спорттық сайысқа бірнеше жылдан бері әлеуметтік серіктес болып отырған, Алматы қаласы Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері Үйлестіру Кеңесі төрағасының орынбасары, Хамзин Байкал Ерсұлтанұлы, қаламыздағы «Боевое братство» ұйымының төрағасы Мухамедиев Бауыржан Мейірханұлы қатысты.
Мектеп директоры А.Токейбекова өз сөзінде «2015 жылы Ауған ардагерлерінің құрметіне, «Қара майор» атымен танылған Борис Керимбаевичтің ауған жеріндегі қызметін, өмірін сахналап, қойылым қоюдан басталған шарамыз, кейіннен Қара майордың өзімен кездесуге дейін қол жеткіздік» дей келе, ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін жасөспірімдерге таныта отырып, үлгі етудің әскери-патриоттық тәрбие беруде маңызы жоғары екенін айтты.Қайсар ағаларымыздың ерлігін насихаттап бүгінгі ұйымдастырылған сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1. Автоматты толық емес бөлектеу;
2.Қорғаныш костюмін кию;
3. Спорттық жаттығу
4. Ауған соғысына және Б.Т.Керимбаевтың өмір жолына байланысты сұрақтар.
Сайысқа қала мектептерінен барлығы 8 команда қатысты. Сайысқа төрешілік жасаған- №17 лицейінің АӘТД жетекшісі А.Левкович, хатшысы Қарағанды облысының баскетбол федерациясының судьясы, денешынықтыру пәні мұғалімі Сиязбек Нұрқанат Қанатбекұлы болды.Барлық сайыс кезеңдері реттілікпен өткізілді. Сайысқа қатысушылар қашықтықтан өткізілгеніне қарамастан өте жақсы белсенділік танытты.Сайыс қорытындысы бойынша №7 мектеп-гимназиясы жүлделі 1- орынмен, 2-орынмен №15 мектеп-лицейі, №2 мектеп-лицейі 3-орынға ие болды.Сайыс қатысушыларына, Алматы қаласы Ауған соғысы ардагерлері атынан, кәсіпкер Серик Сасиковтың демеушілігімен дайындалған кубоктар мен сыйлықтар табыс етілді.