«Отбасындағы балалар құқығы»
Дата: 2021-02-12 14:58:12
Қарағанды облысы білім басқарма сының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылықты дамыту апталығында «Отбасындағы балалар құқығы» тақырыбымен 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың, ата-ана лардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру. Ата-аналарды балалардың құқықтарымен таныстыру және бала алдындағы міндеттерін айтып кету, бала мен ата-ана арасындағы түсінісушілікті, сыйластықты нығайту. Жиналысқа Балқаш қаласы ювенал ды полиция тобының инспекторы аға лейтенанты Секебаев Жасұлан Бақытұлы қатысып, түсіндірме жұмыс тарын жүргізді.Әлеуметтік педагог Ж.Т Мустапаева, Психолог М.С Үмбет кеңес беріп өтті.Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден- бір жауапты ата-ана, өздеріңізсіздер.Бала тәрбиесінде басты ролді ата-ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындылынады.