«Алмастай қылыштай өткір де, қайсар, дана да, дара Бауыржан Момышұлы»
Дата: 2021-02-10 18:48:49
Мектебімізде Бауыржан Момышұлының туған жері Жамбыл облысы, Жуалы ауылының музейіне «Алмастай қылыштай өткір де, қайсар, дана да, дара Бауыржан Момышұлы» атты тақырыпта «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан саяхат ұйымдастырылып өткізілді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты қалам мен қаруды қатар ұстаған батыр Бауыржан Момышұлының өмірі, қазіргі жастар тәрбиесі, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғырту мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында музейдің ғылыми қызметкері С.Шилдебайұлы батыр атамыздың өнегелі өмірін, жазған мұраларын, ерлігі мен жүректілігі жайлы сөз қозғады, оқушыларымыз өздерінің сұрақтарын қойып, жауап алды. Бауыржан Момышұлының атындағы мемориалдық музейге тек Б.Момышұлының өз жәдігерлері қоыйлатындығы туралы және батырдың қолы тиген дүниелермен ескерткіштер ағамыздың жалғыз келіні З.Ахметованың тапсыруымен қабылданғаны туралы айтты.
Қашықтықтан өткен саяхат оқушыларымыз үшін терең қызығушылығын оятқан, тағылымы мол, тәрбиелік мәні өте зор болды.Сөз соңында мектеп директоры А.Токейбекова музей қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.