«Денсаулығы баланың –қуанышы ананың »
30.01.2021 жылы мектебімізде «Аналар мектебінің» жоспары бойынша аналардың қатысуымен «Денсаулығы баланың –қуанышы ананың » атты тақырыпта аналар мектебінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Шараға «Аналар мектебінің» төрайымы Б. Шаймерден, мектеп мейірбикесі М.Саттаева және мектебіміздің аналары қатысты. Мақсаты: Бала денсаулығының – қоғам байлығы екенін түсіндіру. Әрбір ана өз баласының денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.Дөңгелек үстел отырысы басталмас бұрын қатысушыларға қазіргі таңда орын алған әлеуметтік індет туралы, нашақорлық, маскүнемдік және темекі шегу тақырыптарына арналған бірнеше бейне роликтер көрсетілді. Дені сау баланың көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу біздің басты мақсатымыз.