«Әкенің абыройы баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына оның әсері »
Мектебімізде «Әкенің абыройы баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына оның әсері » атты тақырыпта әкелер кеңесінің қатысуымен әкелер арасында дөңгелек үстел өтті. Маңызды бас қосуда отбасы және әкелердің отбасылық тәрбие берудегі рөлін нығайту туралы, әке абыройының мән-маңызын, мақсат-міндетін тарқатты. Мектебіміздің әкелер кеңесінің төрағасы 4 баланың әкесі М.К. Джуматеев бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер азаматсың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отыру маңызды екенін еске салды. Ал, Мусанов Фархат үлгілі отбасы болуып қалыптасу үшін тәрбиенің орны жоғары екенін тілге тиек етті және отбасындағы барлық мәселенің алдын алуда түсіністік керегімен бөлісті. Осындай тағылымды шаралардан ой түйіп, айтары бар, қоғамда өзіндік орнын қалыптастырған азаматтардың тәліміне сусындауы тиіс.