"Математикалық викторина" танымдық ойын
Дата: 2021-01-29 19:48:30
Балқаш қаласы №8 жалпы білім беретін мектебінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Математика айналамызда» математикалық сауаттылығы апталығы аясында математика пәнінің мұғалімі Аманжолова К.А. 5 сынып оқушылары арасында "Математикалық викторина" танымдық ойынын, 6 сынып оқушылары арасында "Математикалық регата" танымдық ойынын өткізді. Мақсаты: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ой-өрісін дамыту шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу. Оқушылар ойынға қызыушылық танытып, белсенді қатысты.