Размер шрифта:

«Бір апта ауылда» тақырыбы

Дата: 2021-01-26 14:00:23
Мектебіміздің оқушылары атқаратын арнайы жобалардың бірі «Бір апта ауылда» тақырыбында қалаларда тұратын білім алушыларға арналған әлеуметтік жоба жыл сайын мектебімізде дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Оқушылар бұл жобаның барысында :
•Демалыс кездерін ауылда өткізіп танысады , ауыл тарихымен, тіршілігімен танысады.
•Ауылда кездесетін мәселелердің төңірегінде сөз қозғайды.
• Әр күніне есеп беріп, арнайы күнделік толтырады.
•« Бір апта ауылда» тақырыбында жоба дайындайды.
Бұл әлеуметтік жоба оқушыларға қалада өскен балалар үшін «ауыл» түсінігін қалыптастырады. Баланы еңбекке баулиды. Түрлі өзге әлеуметтік жобалардың негізін қалауға көмектеседі. «Екі апта ауылда» жобасына мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Бұл жобаның негізгі негізгі мақсаты: болашақта ауыл шаруашылығын жетілдіретін ұрпақ тәрбиелеу,баланың жан-жақты болуын қамтамасыз ету, ауыл тарихы мен тіршілігіне деген құрметті арттыру. 8 А сынып оқушысы Мекадилов Байғазы өзінің туған жері "Нарманбет" ауылының тарихымен мақтанып, өзінің шаруашылыққа араласуы, атап айтсақ атқа отыруы, шанамен отын тасуы, шөп салуы , бос уақытында достарымен де араласып жүрген сәттерінен жасаған бейнеролигінен оқушының ауыл тіршілігіне жастайынан араласқаны байқалады. 8 В сынып оқушысы Болатова Мадина өзінің "Сарытерек" ауылында ата-әжесіне қолғабыс жасап мал суарып, шөп салып, қора тазалау секілді жұмыстар жасаған сәттерінен үзіндіні оқушылар назарынга ұсынды. Ал Дүйсенбі Ділназ 8 Б "Ақтоғай" ауылында, туған -туысқандарына барып, қар күреп, от жағып, кітап оқып, бауырларын ойнатып отырған сәттерінен бейне түсірілім жасаған. Жобаның мақсаты орындалды және бұл жоба қатысушыларымызға да, оқушыларымызға да қызықты және ұмытылмастай болды. Алдағы уақытта қатысушыларымызға жоба жұмыстарын кеңейтіп, ауқымды жоба жасауға ұсыныс берілді.Возможно, это изображение (1 человек и экран)Возможно, это изображение (1 человек)
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.914685346023020/914685189356369/
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.914685346023020/914686669356221