«Дала ділмарлары » атты сахналық қойылым

Дата: 2021-01-23 18:55:35
Мектебімізде «ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры» атты апталық барысында оқушыларға ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі –шешендік өнер тұлғасында мағлұмат беру, қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерімен таныстыру мақсатында 6-сынып жетекшілері Г.Бакирова, Т.Ерімбетов және мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Дала ділмарлары » атты сахналық қойылым қойылды.
Оқушылар шағын сахналық көріністе ел болашағын ойлаған от ауызды, орақ тілді Қаз дауысты Қазыбек бидің жасөспірім кезінде қалмақ еліне барып,өзінің дуалы,айбатты орақ тілімен қалмақ елінің ханын жеңіп, тұтқынға түскен еліне азаттық алып бергенін қойылым кезінде жоғары деңгейде бейнелей білді.Осы іс-шараға оқушылар қызығушылықпен қатысып,қойылым қоюға ат салысты.Возможно, это художественное изображение (2 человека и люди стоят)Возможно, это изображение (один или несколько человек и люди стоят)Возможно, это изображение (стоит)
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.913365216155033/913364869488401
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.913365216155033/913365016155053