Менің отбасым және кітап
Дата: 2021-01-22 21:50:24
Мектебімізде «ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры» атты апталық барысында оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу мақсатында бастауыш сынып жетекшісі Ф.Карабаева және мектеп кітапханашылары «Менің отбасым және кітап» атты акция ұйымдастырды. Осы іс-шараға 4Ә сынып оқушылары және ата-аналары атсалысып, өздерінің отбасындағы шағын кітап қорларымен таныстырып өтті. Сонымен қатар оқушыларды кітап оқып ой-өрістерін кеңейтіп сөздік қорларын дамытуға шақырды.
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/pcb.912817196209835/912817166209838/