Әдістемелік жоспар бойынша «№8 орта мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігінің жоспары бекітіліп апталық өтті
Дата: 2020-12-25 14:15:37
2020-2021 оқу жылының мен 7 желтоқсан мен 17 желтоқсан аралығында әдістемелік жоспар бойынша «№8 орта мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігінің жоспары бекітіліп апталық өтті. Бұл апталық оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыруға заман талабына сай жол таба білуге арналды.
Мақсаты: Оқушылардың сыныпта алған, меңгерген білімін жеке пәнге қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру
Пәндік онкүндікті өткізу бағдарламасы оқу ісінің әртүрлі формалары мен әдістерін көрсетті. Оқушылардың ойлау қабілеттерін белсенді жетілдіру мақсатында сайыстар, ашық сабақтар және сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.
Барлық межелеген іс-шаралар уақытында, жоспарға сәйкес өткізілді. Апталық жоғарғы әдістемелік деңгейде, ұйымдасқан түрде өткізілді. Мұғалімдердің көбісі жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік шығармашылық жағдай қалыптастырды. Оқушылар әр түрлі пәндерден жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін әр түрлі жағдайда қолдана білді, бір-біріне қолғабыстарын тигізді, күрделі сұрақтардың қиын жауаптарын тапты.
7 желтоқсан апталықтың ашылуы 9 желтоқсан күні Г. Тлеуберлина мен А.Ахаева өз жобаларымен танысты. Г. Бекболатқызы «Ы.Алтынсаринның тәлімгерлік мұраларының қазіргі заманмен үндестігі» тақырыбында өз жобасын қорғады. А.Ахаева «Математика әлеміндегі қазақ оюларының сиқыры» тақырында өз жобасымен таныстырды.
10 желтоқсан күні М. Күзембаева «Математика пәнінде бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамытуда STEM білім берудің тиімділігі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Ұстаздар үшін тиімді тәсілдер көрсетті. А.Ахаева 1 В сыныбымен «Е дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. өткізді. Оқушылар сабақта өз ойларын ортаға салып, белсенділіктерін көрсетті. Сабақта оқушылардың білім- білік дағдылары байқалды.
11 Желтоқсан күні 1"Б" сыныбымен М. Несіпбек « К дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданды.Сабақта оқушылар белсенді болды, К дыбысымен танысты, рөлдік ойындар ойнады. Даярлық сынып мұғалімі П.Алгадаева «Шыршаны безендіреміз» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Оқушылар жаңа жыл алдында шыршаны әдемі безендірді.
14 желтоқсан күні Т. Айжан 4 Б сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Күрделі сөз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар мәтіннің тақырыбы бойынша мазмұнын болжай алды. Күрделі сөздерді ажырата білді.
15 желтоқсан күні Ф. Карабаева 4 Ә сыныбымен жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақта әр түрлі тәсілдер қолданды. Оқушылар сабақта ауаның маңызы туралы, адам тіршілігі үшін ауаның қажеттілігі туралы білді, тәжірибелік жұмыс жасады, экологиялық есептер шығарды, тыныс алу аппараттарын жарнамалады.10 баллдық жүйе бойынша бағалады. 15 желтоқсан күні А. Жамбосынова қарапайым математикадан ашық сабқ өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсене қатысты. Әдістемелік бірлестіктің отырысында бастауыш сынып мұғалімдері өздері өткізген іс-шарасына өз талдауларын жасады, басқа мұғалімдердің берген бағаларын тыңдады. Бастауыш сыныптың барлық оқушылары салтанатты жиында әр түрлі сайыстардан орындар алғандары үшін марапатталды.